Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Габондық шабуылшы Аарон Бупендза 28 жасында қаза тапты

Габон құрамасының шабуылшысы Аарон Бупендза Қытайдың Ханчжоу қаласында биіктіктен құлап, 28 жасында көз жұмды. Бұл туралы Габон футбол федерациясы хабарлады.

Бірнеше ай бұрын Бупендза Румынияның «Рапид» (Бухарест) клубынан Қытайдың «Чжэцзян» командасына ауысқан болатын. Ол Габон ұлттық құрамасы сапында 35 матч өткізіп, 2021 жылы Камерунда өткен Африка ұлттар кубогына қатысқан.

Кәсіби мансабын отандық «КФ Мунана» клубында бастаған Бупендза кейін Франция, Португалия, Түркия, Катар, Сауд Арабиясы және АҚШ клубтарында өнер көрсетті.

«Бупендза Камерундағы Африка кубогында өзін көрсеткен тамаша шабуылшы ретінде есте қалды», — делінген Габон футбол федерациясының ресми мәлімдемесінде.

Габонның сайланған президенті генерал Брис Клотер Олиги Нгема марқұмды габон футболына абырой әкелген талантты спортшы деп атады.