18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкентте екінші жолдастық кездесуін өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкентте екінші жолдастық кездесуін өткізеді

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкенттегі екінші жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойын екі жақтың келісімі бойынша жабық форматта өтеді – ойынның тікелей көрсетілімі болмайды.

Еске салайық, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.