27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футзалдан Қазақстан чемпионатында жанкүйерлер саны бойынша рекорд орнады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Футзалдан Қазақстан чемпионатында жанкүйерлер саны бойынша рекорд орнады

Семейде өткен футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық ойындарында жанкүйерлердің рекордтық саны тіркелді.

«Семей» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы матч «Абай Аренада» өтті және 4470 жанкүйер жиналды — бұл футзал тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып тіркелді. Алайда араға бір күн салып бұл рекорд жаңартылды: екінші ойынды 4620 адам тамашалады.

Айта кетейік, бұған дейін де жанкүйерлер ең көп жиналған кездесулер осы командалар арасында өткен. 2023/2024 маусымында «Семей» өз алаңында «Қайратпен» екі рет ойнап, 4000 көрермен жинаған. Сондай-ақ биылғы маусымда «Астанаға» қарсы ойынға да дәл осынша адам келген еді.