01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтетін «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Халықаралық турнирде Қазақстан, Әзербайжан, Исландия, Біріккен Араб Әмірлігі, Польша, Фарер аралдары, Шотландия және Словения құрамалары бақ сынайды.

Қазақстандық футболшылар Словенияның Рогла және Предвор қалаларында БАӘ, Шотландия және Исландиямен шеберлік байқасады.

Оқу-жаттығу жиыны 30 тамызда Алматыдағы «Қайрат» академиясының базасын басталды. Аға бапкері Кирилл Кекер халықаралық турнирге шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Дарын Оспанов («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»);

Жартылай қорғаушылар: Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик, Мұхамедәли Әбіш (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»);

Шабуылшылар: Карим Махаметжан, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Арсен Ахметов («Астана»), Бақдәулет Нұралы («Ордабасы»).

Ойын күнтізбесі (Астана уақытымен):

3 қыркүйек, 14:00

Қазақстан U-19 – БАӘ U-19

6 қыркүйек, 14:00

Шотландия U-19 – Қазақстан U-19

9 қыркүйек, 20:00

Исландия U-19 – Қазақстан U-19