05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь астанасына жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь астанасына жетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астана – Минск бағытымен Беларусь астанасына жетті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бүгін Борисов қаласында жолдастық матч өтеді. Басталу уақыты 22:00-де.

Ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында 9 маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.

Алған жараатына байланысты Серікжан Мужиков, Әлібек Қасым, түркиялық «Бешикташ» клбының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

Ал Дастан Сәтпаев алдымен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысады. Одан кейін Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына қосылып, 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалады.