20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 10-турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған турда павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда «Түркістан» командасын 7:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде турнир кестесінде 20 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ шымкенттік «Академия Оңтүстік» өз алаңында алматылық «Қайрат-2» клубына 3:5, астаналық «SD Family» Алматының «Хан тәңіріне» 0:3 есебімен жол берді.

Енді 20 маусымда «Алтай» (Өскемен) мен AKAS (Алматы), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Тараз» бен «Ақтөбе-2» жасыл алаңға шығады.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.