04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футболдағы қайғы: Диогу Жота автоапатта қаза тапты

Футболдағы қайғы: Диогу Жота автоапатта қаза тапты

Футбол әлемін қайғылы жаңалық дүр сілкіндірді — португалдық шабуылшы Диогу Жота 28 жасында автокөлік апатынан қаза тапты. Көлікте футболшымен бірге оның ағасы болған — техникалық ақаудың салдарынан көлік жолдан шығып кеткен.

Қайғылы оқиға футболшының паромға бара жатқан сәтінде орын алды — өкпесіне жасалған операциядан кейін «Ливерпуль» ойыншысы Англияға теңіз жолымен жетуді жөн көрген. Футболшымен қоштасу рәсімі 5 шілдеде өтеді.

«Бұған сену қиын — жақында ғана құрамада бірге болдық, содан кейін үйлендің. Көңіл айтамын және отбасыңа күш-қуат тілеймін», — деп жазды Криштиану Роналду.

Жағдайдың ерекше қайғылы тұсы — Диогу Жота небәрі екі апта бұрын үйленген еді — артында үш баласы қалды.