18.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Футболдан премьер-лига клубтарында енді әйелдер командасы болуы міндетті

IMG 7026

Қазақстан футболы құрылымында маңызды өзгеріс орын алды. 2025 жылдан бастап Премьер-лига қатысушыларының құрылымында міндетті түрде әйелдер командасы болуы шарт.

 

УЕФА жарыстарына қатысушы барлық команда үшін әйелдер командасын ашу туралы шешім 2024 жылы Ирландия астанасы Дублинде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Бұл шешім әйелдер футболын дамыту және насихаттауға бағытталған. Аталған ереже 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.