17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Футболдан Қазақстан құрамасында айқын көшбасшы жоқ – спорт журналисі Марғұлан Жақып

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Футболдан Қазақстан құрамасында айқын көшбасшы жоқ – спорт журналисі Марғұлан Жақып

Ұлттық құрамалар туралы сөз қозғағанда, көшбасшының маңызын ерекше атап өткен жөн. Шешуші сәттерде жауапкершілікті өз мойнына кім алады? Командаға кім дем береді? Әлемдік футболда мұндай ойыншылар көп – Мбаппе мен Беллингемнен бастап, Бруну Фернандешке дейін. Ал Қазақстан құрамасында лидер кім?

Sport Pulse порталының сауалына спорт журналисі Марғұлан Жақып жауап берді:

«Қазақстан құрамасында қазір нақты бір көшбасшы жоқ. Өйткені, біздің футболшылардың ойыны тұрақсыз. Бірде көл, бірде шөл. Бір ойында жарқырап кетуі мүмкін, бірақ келесі ойында мүлдем алаңнан таппай қаламыз. Сондықтан, Қазақстан құрамасында әзірге нақты бір лидер жоқ.

Ал енді әлемде «сен тұр, мен атайын!» деген ойыншылар жеткілікті. Мысалы, Мбаппе. Ол Франция құрамасының екі жиынына қатыспады, осы жолы қайтадан көшбасшылықты өз қолына алуы керек. Өйткені, наурызда маңызды ойындар өтеді. Ал енді Испания құрамасында Ламин Ямаль жас болса да, оң қақпалды меншіктеп алды.

Осы жігіттердің құрамадағы ерекше ойыны, жанкүйерлердің көңілінен шығып жатқаны анық».

Наурызда Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі матч өткізеді: 22-ші наурызда Уэльс аяқдопшыларымен, ал 25-наурызда Лихтенштейн командасымен күш сынасады. Бұл кездесулер Әли Әлиев үшін бас бапкер ретінде алғашқы ресми матчтар болмақ.

Басты сурет: ©КФФ, Алексей Сисенбин