Оқу уақыты: 1 мин

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

14 мамырда футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді. 

Жарыстың аталған сатысында 18:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Астана», «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай), 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей) командалары кездеседі.

Биыл Қазақстан кубогына Премьер-лига, бірінші және екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты. Алдымен бірінші және екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді.

Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига командалары қатарына қосылды.

Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Айта кетесек, 2024 жылы «Ақтөбе» Қазақстан кубогының иегері атанды.