20.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Футболдан Қазақстан кубогын жеңген команда қанша сыйақы алады?

29 қыркүйек футболдан Қазақстан кубогының финалы аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» Алматының орталық стадионында кездеседі.

Осы орайда кубок жеңімпазы 65 млн теңге, ал финалист 45 млн теңгеге ие болады.

Жартылай финалға шыққан командалар 30 млн теңгеден, ал ширек финалда ойнағандар 15 млн теңгеден олжалы болады. Қазақстан кубогының 1/8 финалына шыққан командалардың әрқайсысы 5 млн теңгеден алады.