11.03.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Футбол блогерінің болжамы: Чемпиондар лигасының ширек финалына кім шығады?

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

11 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчтары басталады. Еуропаның ең мықты 16 клубы ширек финалға жолдама алу үшін күш сынаспақ.

Sport Pulse тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген футбол блогері Бексұлтан Кеулімқос алдағы матчтарға болжам жасады. Ол қандай командалардың камбэк жасауға мүмкіндігі бар екенін және қай ойындардың тағдыры әлдеқашан шешілгенін айтты.

Барселона – Бенфика

– «Бенфикаға» бар болғаны бір голдың есесін қайтару қажет. «Камп Ноуда» португалдықтардың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар ма?

– Егер «Барселонадан» бір емес, екі ойыншы алаңнан қуылса, «Бенфикада» мүмкіндік пайда болады.

Сурет: Getty Images

Байер – Бавария

– Бірінші матчта 0:3 есебімен жеңілген «Байер» «Баварияның» қорғанысын бұзып, басымдық таныта ала ма?

– «Байер» қорғанысты бұзса да, «Бавария» шабуылы қарап қалмасы сөзсіз. Бұл жұпта келесі кезеңге шығатын команда анықталған сияқты.

Фото: Getty Images

Интер – Фейеноорд

– Бірінші кездесуден кейін «Интер» айтарлықтай басымдыққа ие. Италиялықтардан прагматикалық ойын, ал «Фейеноордтан» белсенді шабуыл күтеміз бе?

Робин ван Перси командасы бір аптаның ішінде айтарлықтай күш қоса алады дей алмаймын.

«Фейеноордтың» бас бапкері Робин ван Перси. Сурет: UEFA.com

Ливерпуль – ПСЖ

– ПСЖ өз алаңында гол соға алмады, енді «Энфилдте» есе қайтара ала ма?

– Мерсисаидтықтар бастысы ірі есеппен Парижде жеңілмесек деп «Парк-де-Пренске» келген сияқты көрінді. Дегенмен, «Энфилдте» «Ливерпуль» ерекше мықты ойнайды. Мен бұл қарымта ойында көп гол болады деп күтемін. Бірақ кімнің басым түсетінін айту қиын.

UEFA.com/ПСЖ – Ливерпуль

Лилль – Боруссия Дортмунд

– Қос команда арасындағы бірінші матч тең аяқталды. Қай команда қарымта кездесуде фаворит саналады?

– Бұл кездесуде фаворит жоқ, бірақ, маған дортмундтықтардың бәсі жоғары секілді.

Хакон Харальдссон «Боруссия» қақпасына доп тоғытты. Сурет: Reuters

Арсенал – ПСВ

– Қонақта 7:1 есебімен жеңіске жеткеннен кейін «канонирлер» бұл текетірестің тағдырын шешіп қойды деп айта аламыз ба?

– Әрине.

Сурет: Getty Images. «Арсенал» аяқдопшылары «ПСВ» командасының тас-талқанын шығарды.

Астон Вилла – Брюгге

– Англиялық клуб сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Брюгге» камбэк жасай ала ма?

– Бельгиялықтардың деңгейі сәл төмендеу, жеке футболшылардың қателіктері жиі болатынынан байқауға болады. Команда ретінде тым жақсы футбол көрсететін ұжым. Дегенмен, Эмеридің ұжымы бұл екі дом айырмасын уысынан жіберіп алады дегенге сену қиын.

Сурет авторы: NICOLAS TUCAT Дереккөз: AFP via Getty Images Авторлық құқық: AFP or licensors

Атлетико – Реал Мадрид

– «Атлетикоға» минималды есеп айырмасын қайтару керек. Бұл матчта Симеонеден қандай тактиканы күтеміз?

– Мадриттік «Реалға» қарсы матчта қорғанысты ұмытып кетуге болмайды. Егер Анчелотти шәкірттері тағы гол соғып кетпесе, Симеоне сол баяғыдай қорғаныс арқылы ойнап матчты бастайтын шығар.

Сурет: Global Look Press

«Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне. Сурет: UEFA.com

Басты сурет: Дензел Думфрис, Джамал Мусиала және Харви Эллиотт | UEFA.com