31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фримпонг «Ливерпульге» ауысуы туралы айтып, Слотты мақтады

Фримпонг «Ливерпульге» ауысуы туралы айтып, Слотты мақтады

«Ливерпульдің» ресми сайтының мәліметінше, қорғаушы Джереми Фримпонг ағылшын клубына ауысуына қатысты пікір білдірді.

«Бәрі оңай өтті. «Ливерпуль» келіп, қызығушылық танытты. Агенттерге: «Жай ғана істеңдер» дедім. «Ливерпуль» жанкүйерлеріне бар күшімді саламын — бірге жеңіп, бірге тойлаймыз. Мен мұнда болғаныма қуаныштымын және сіздерді жерге қаратпаймын», — деді футболшы.

Мерсисайд командасының жаңа ойыншысы команда жаттықтырушысы Арне Слотпен кездесуден алған әсерімен бөлісті — оны «Фейеноордтағы» бұрынғы шәкірттері жоғары бағалады.

Аяқталған Бундеслига маусымында қорғаушы 33 матч өткізді — оның еншісінде 5 гол мен 5 нәтижелі пас бар.