Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Фрэнсис Нганну қатысқан жол апатынан 17 жастағы қыз қайтыс болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Фрэнсис Нганну қатысқан жол апатынан 17 жастағы қыз қайтыс болды

UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну Камерунда жол апатына ұшырады. Әртүрлі дереккөздердің хабарлауынша, 17 жастағы қыз жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған сәтте қайғылы оқиға орын алған.

Нганну жарақат алған қызды дереу ауруханаға жеткізіп, барлық медициналық шығынды өз мойнына алды. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиғаға байланысты сот процесі алдағы күндері өтеді деп күтілуде. Әзірге Фрэнсис Нганну тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.