Оқу уақыты: 1 мин

Фрэнк Лэмпард: «Ойыншылар плей-оффқа қалай жеткенімізді ұмытпауы керек»

Фрэнк Лэмпард: «Ойыншылар плей-оффқа қалай жеткенімізді ұмытпауы керек»

«Ковентри Сити» Чемпионшип плей-оффының жартылай финалындағы алғашқы матчта өз алаңында «Сандерлендтен» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қонақтар сапынан Уилсон Исидор мен Элиезер Майенда мергендік танытса, алаң иелерінің жалғыз голын Джек Рудони соқты.

Ойыннан кейін Фрэнк Лэмпард BBC CWR-ге берген сұхбатында былай деді:

«Біз бұл кезеңге қалай жеткенімізді түсінуіміз керек. Рождество кезінде 17-орында тұрған едік. Ал плей-оффқа ойын стиліміз бен жігеріміздің арқасында жеттік».

Бапкер жеңіліске қарамастан командасының ойынына риза екенін жеткізді. Оның айтуынша, «Ковентри» допты жақсы бақылап, бірнеше нақты мүмкіндік те жасаған.

Қайтару матчы «Сандерлендтің» «Стэдиум оф Лайт» стадионында өтеді. Лэмпардтың командасы финалға өту үшін бір гол айырмашылығын қайтаруға тырысады.