05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фредди Гондола «Ақтөбеден» не себепті кеткені белгілі болды

Фредди Гондола «Ақтөбеден» не себепті кеткені белгілі болды

Панама құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Фредди Гондоланың «Ақтөбеден» кетуінің себебі туралы инсайдер мәлімет берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Биыл Гондола айтарлықтай нашарлап кетті, дұрыс жаттығуды да доғарды. Мүмкін, оған достары Ромеро мен Севальостың кетуі әсер еткен болар. Сондықтан оның «Ақтөбеден» кетуі таңғаларлық емес. Дегенмен, Фреддиге 2024 жылғы Қазақстан кубогының финалындағы голы үшін алғыс айту керек», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Фредди Гондола былтыр жазда «Ақтөбеге» қосылып, Премьер-Лиганың қола жүлдегері атанды. Шабуылшымен келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылды. Ол «Ақтөбе» сапында 19 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.