Оқу уақыты: 1 мин

Франция құрамасы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалды

Франция құрамасы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалды

Хоккейден әлем чемпионатының А тобындағы шешуші матчта Словения құрамасы Франция командасын жеңді — кездесу есебі 3:1.

Словения құрамасының намысын Жан Езовшек, Ник Симшич және Матиц Тёрек қорғады — олар қарсыластар қақпасына 10-шы, 17-ші және 60-шы минуттарда гол соқты. Француздар құрамасында жалғыз шайбаны Тим Бозон 59-шы минутта салды.

Матч қорытындысы бойынша Словения төрт ұпай жинады, ал Франция бір ұпаймен әлемдік хоккейдің элиталық дивизионынан шығып қалды.

А тобындағы Қазақстан құрамасының тағдыры Венгрия мен Норвегия арасындағы матч нәтижесіне байланысты — орнын сақтап қалу үшін венгрлер негізгі уақытта жеңілмеуі керек, немесе қазақстандық команда ертең Швейцариямен ойында ұпай жинауы қажет.