11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Француз басылымдары 16 жастағы Дастан Сатпаевтың голына тәнті болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Француз басылымдары 16 жастағы Дастан Сатпаевтың голына тәнті болды

Францияның беделді Footmercato басылымы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сатпаевтың словениялық «Олимпия» қақпасына соққан голын жоғары бағалады.

Материалда Сатпаевтың негізгі құрамға енгеніне көп уақыт өтпегенімен, керемет жылдамдық, бағытты күрт өзгерту қабілеті және жігерлі pressing арқылы қарсыластарға үлкен қиындық тудырып жатқаны атап өтілген.

Биылғы маусымда 16 жастағы футболшы 19 матчта 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Ақпанда ол «Қайраттың» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуына үлес қосты. Қазір клуб Премьер-лигада «Астанадан» бар болғаны 1 ұпайға ғана қалып келеді.

«Олимпия» қақпасына соққан голы — тарихи нәтиже:
Сатпаев бұл голды 16 жас 10 ай 26 күнінде соғып, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан ойыншылардың үштігіне енді. Ол бұл көрсеткіш бойынша Ансу Фати мен Ламин Ямалды басып озды.

Бұл тізімде әзірге көш бастап тұрған — швед Никлас Бэркрот, ол 2008 жылы 16 жас 6 айында гол соққан болатын.

Сондай-ақ француз басылымы наурыз айында Сатпаевтың Қазақстан құрамасында дебют жасап, қазіргі таңда ұлттық құрама сапында 3 ойын өткізгенін де ерекше атап өтті.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!