02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Франция құрамасының үздік сұрмергені Жиру Лига 1-ге оралды

Франция құрамасының үздік сұрмергені Жиру Лига 1-ге оралды

L’Equipe мәліметінше, Франция құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген Оливье Жиру америкалық «Лос-Анджелестен» кеткеннен кейін «Лилльмен» бір жылдық келісімге қол қойды.

Қыркүйекте 39 жасқа толатын 38 жастағы шабуылшы үшін бұл француз чемпионатына 13 жылдан кейінгі оралуы — Францияда соңғы ойнаған клубы 2012 жылы чемпион атанған «Монпелье» болған.

«Францияға, үйіме оралғаныма өте қуаныштымын әрі толқулымын. Лига 1-ге 13 жылдан кейін оралу — мүлдем қисынды қадам. Мен «Лилльді» әрқашан Францияның үздік клубы деп санадым», — деді Жиру.

«Лос-Анджелесте» француз шабуылшысы өзін толық көрсете алмады — 37 ойында небәрі 5 гол соқты. Бұған дейін Жиру «Арсенал», «Челси» және «Миланда» сәтті өнер көрсетіп, Англия Кубогынан бастап Чемпиондар Лигасына дейінгі көптеген трофейлерді жеңіп алған.