10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Франция Кварацхелия мен Давиташвилидің тоналуын тергеп жатыр

Франция Кварацхелия мен Давиташвилидің тоналуын тергеп жатыр

L’Equipe мәліметінше, француз құқық қорғау органдары Грузия құрамасының футболшылары — Хвича Кварацхелия мен Зурико Давиташвилидің тоналу ісін тергей бастады.

Оқиға Каннда спортшылар отбасыларымен демалыс өткізіп жатқан кезде орын алды — қылмыскерлер үй иелері болмаған кезде үйге кіріп, зергерлік бұйымдар, сөмкелер мен сағаттарды ұрлап кеткен.

Екі зардап шеккен футболшы да француз клубтарында ойнайды — Кварацхелия «ПСЖ» сапында, ал Давиташвили «Сент-Этьен» құрамында өнер көрсетеді.