07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

France Football үздік бапкерге берілетін марапат үміткерлерін атады

France Football үздік бапкерге берілетін марапат үміткерлерін атады

France Football беделді басылымы әлемнің үздік бапкеріне берілетін Йохан Кройф атындағы жүлдеге үміткерлер тізімін жариялады.

Үміткерлер қатарына мыналар енді:

  • Антонио Конте («Наполи»)
  • Луис Энрике («ПСЖ»)
  • Ханс-Дитер Флик («Барселона»)
  • Энцо Мареска («Челси»)
  • Арне Слот («Ливерпуль»)

Жеңімпаздың есімі 22 қыркүйекте өтетін «Алтын доп» марапаттау рәсімінде белгілі болады. Қазіргі уақытта бұл беделді марапаттың иегері — Карло Анчелотти.