04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Формула-1 Португалия, Түркия және Германияда жаңа жарыстар өткізуді қарастыруда

Формула-1 Португалия, Түркия және Германияда жаңа жарыстар өткізуді қарастыруда

Motorsport.com мәліметінше, Формула-1 бас директоры Стефано Доменикали Португалия, Түркия және неміс Хоккенхаймының жарыс өткізуге қызығушылық танытқанын растады.

Келісім шартында бекітілген 24 жарыстық максималды санына қарамастан — күнтізбеде жаңа трассалар пайда болуы мүмкін. Келесі жылы Мадридте жарыс өтетіні белгілі болды, ал Зандвортпен келісімшарт 2026 жылдан кейін аяқталады.

«Бізде жарыс өткізуге көптеген сұраныстар бар. Біз жаңа қосымшаларды, соның ішінде кезектесіп өтетін кезеңдерді талқылаудамыз — бірақ олардың саны бір-екеуден аспайды», — деді Доменикали.

«Бүгінгі жағдай бұрынғыдан өзгеше — қаржылық мүмкіндіктер ғана емес, 2030 жылға қарай көміртегі бейтараптығы стандарттарына сәйкес келу қабілеті де маңызды»

Чемпионат басшысы ұйымдастырушылардың шамамен 90%-ы өз елдерінің үкіметтерінен қолдау алатынын атап өтті — мұндай қолдаусыз Формула-1 жарыстарын өткізу мүмкін емес.