01.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Формула-1: Катар Гран-приінің жеңімпазы белгілі болды

Формула-1: Катар Гран-приінің жеңімпазы белгілі болды

Red Bull пилоты Макс Ферстаппен 2025 жылғы Формула-1 маусымының 23-ші кезеңінде, Катар Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі әлем чемпионы Лусаил тас жолында McLaren пилоты Оскар Пиастриді екінші орында қалдырды. Уильямс пилоты Карлос Сайнс үздік үштікті аяқтады.

Чемпионат көшбасшысы McLaren пилоты Ландо Норрис төртінші орын алды.

2025 жылғы Формула-1 чемпионы 7 желтоқсанда Абу-Дабиде өтетін соңғы Гран-приде анықталады.