12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Формула-1 басшысы жарыс форматына түбегейлі өзгерістер ұсынды

Формула-1 басшысы жарыс форматына түбегейлі өзгерістер ұсынды

Формула-1 атқарушы директоры Стефано Доменикали жарыс форматына өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады — F1.com хабарлайды.

«Бүгін істер өте жақсы жүріп жатыр, бірақ дәл сол себепті біз жеткен жетістікпен шектеліп қалмауымыз керек. Келесі қадам туралы ойлануымыз қажет», — деді Доменикали Италия Гран-приі қарсаңында.

Чемпионат басшысы әлеуетті өзгерістердің бірнеше негізгі бағытын белгіледі — спринтерлік жарыстар санын көбейту, кері старт торларын енгізу мүмкіндігі және қазіргі 300 шақырымдық Гран-при қашықтығын қысқарту.

Формула-1 сарапшылары ұсынылған жаңалықтар туралы пікірлері екіге бөлінді. Мамандар 2027 жылғы маусымға дейін спринттер санын онға дейін көбейту идеясын қолдайды, алайда старт торын жасанды өзгертуге және жарыс қашықтығын қысқартуға қарсы.