18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Флорида Пантерс» жексенбіде чемпиондық шеруін өткізеді

«Флорида Пантерс» жексенбіде чемпиондық шеруін өткізеді

Florida Hockey Now хабарлауынша, Стэнли Кубогының жаңа иегері — «Флорида Пантерс» 22 маусымда чемпиондық шеруін өткізеді.

«Эдмонтон Ойлерз» командасын финалдық сериясында 4-2 есебімен жеңген команда Форт-Лодердейл көшелерімен өтеді — бағыт өткен жылғыдай болады.

Салтанаттың шарықтау шегі қалалық жағажайдағы рәсім болмақ — онда хоккейшілердің жеңіс сөздерін айтуы үшін арнайы сахна орнатылады.

Айта кетерлігі, өткен жылы тропикалық дауылға қарамастан, мерекелік шараға шамамен 250 000 жанкүйер қатысқан.