18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Флорида Пантерс» Стэнли кубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды

«Флорида Пантерс» Стэнли кубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды

Флорида Пантерс Стэнли кубогын қатарынан екінші маусым жеңіп алды — команда плей-офф финалдық сериясында Эдмонтон Ойлерз командасын 4-2 есебімен жеңді.

Шешуші алтыншы матчта Флорида хоккейшілері қарсыласын 5:1 есебімен жеңіп, Ұлттық хоккей лигасының басты трофейін иеленді.

Айта кетерлігі, бір жыл бұрын Флорида Пантерс тарихында алғаш рет Стэнли кубогының иегері атанды, сол кезде де финалдық серияда Эдмонтонды 4-3 есебімен жеңген болатын.

НХЛ-де 30 жылдан астам өнер көрсетіп келе жатқан клуб тарихи жетістікке қол жеткізді — Солтүстік Американың басты хоккей турнирінде қатарынан екі рет жеңіске жетті.