Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Флик: «Басты мақсатымызға жеттік — келесі кезеңге өттік»

Marca басылымының хабарлауынша, «Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Боруссия Дортмундпен» өткен қос матч қорытындысына пікір білдірді.

Қайтару матчында каталондықтар 1:3 есебімен жеңіліп қалды, алайда алғашқы кездесудегі 4:0 есебіндегі ірі жеңіс арқасында жартылай финалға жолдама алды.

«Біз өте мықты қарсыласпен кездестік. Стадиондағы атмосфера тамаша болды. Бүгін біз өз ойынымызды толық көрсете алмадық. Дегенмен, мұндай қарсыластармен матчтар әрдайым қиын өтеді. Бастысы — келесі кезеңге өттік, бұл — ең маңыздысы», — деді Флик матчтан кейін.

Сонымен қатар неміс маманы жарыстың маңыздылығын атап өтті:

«Чемпиондар лигасы — әлемдегі ең үздік турнир. Жартылай финалға шығу — клуб, команда және жанкүйерлер үшін үлкен жетістік».

Ал келесі қарсылас жайлы сұраққа Флик әзілмен жауап берді:

«Бавария мен Интер арасындағы матчта ешкімге басымдық бермеймін. Ойыннан жай ғана ләззат алып, үйден тамашалаймын».

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!