20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Фламенго» міндетті түрде гол соғады — бразилиялықтар голсыз кетпейді» — комментатор «Челсимен» болатын матч туралы

«Фламенго» міндетті түрде гол соғады — бразилиялықтар голсыз кетпейді» — комментатор «Челсимен» болатын матч туралы

20 маусымда Клубтық әлем чемпионаты–2025 топтық кезеңінің 2-турында «Фламенго» мен «Челси» күш сынасады. Ойын Филадельфия қаласындағы «Линкольн Файненшел Филд» стадионында өтеді. Басталуы — Қазақстан уақытымен 23:00-де.

Қазір КӘЧ матчтарын жүргізіп жүрген танымал спорт комментаторы Олжас Байбосынов Sport Pulse порталына алдағы ойын жайлы пікір айтты:

— «Челсидің» бірінші кездесуін жүргіздім — команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен, «Лос-Анджелес» клубының да гол салатын талай мүмкіндігі болды. Енді қарсылас — «Фламенго». Бұл — бразилиялық команда, демек «Челси» қақпасына міндетті түрде гол соғады. Бірақ «Челси» де қарап қалмайды. Сондықтан екі команда да допты қақпаға тоғытады деп ойлаймын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!