01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Финни-Смит 53 миллион долларға Хьюстонға ауысады

Финни-Смит 53 миллион долларға Хьюстонға ауысады

ESPN мәліметі бойынша, Дориан Финни-Смит «Хьюстон Рокетспен» жаңа келісімшартқа қол қоюға келісті.

32 жастағы, бойы 201 сантиметр форвард төрт жылға 53 миллион доллар көлемінде келісімшартқа қол қояды.

Өткен маусымда Финни-Смит «Лос-Анджелес Лейкерс» сапында өнер көрсетіп, орташа есеппен 7,9 ұпай, 3,6 қайта алу және 1,4 нәтижелі пас берді — үш очколық лақтырулардың дәлдігі 40 пайызды құрады.