31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Финалда, менің ойымша, тәжірибе жеңіске жеткізеді» — комментатор Чемпиондар лигасының фаворитін атады

«Финалда, менің ойымша, тәжірибе жеңіске жеткізеді» — комментатор Чемпиондар лигасының фаворитін атады

Футбол маусымының интригасы шарықтау шегіне жетті: 31-ші мамырдан 1-ші маусымға қараған түні Мюнхендегі «Альянц Аренада» Еуропаның жаңа королі анықталады. УЕФА Чемпиондар лигасының финалында трофей үшін қуатты «ПСЖ» мен тәжірибелі миландық «Интер» тартысқа түседі — бұл қарсыласу ұмытылмас жекпе-жек болатыны анық.

Танымал спорт комментаторы Олжас Байбосынов Sport Pulse порталына шешуші кездесуге қатысты болжам айтты:

— Чемпиондар лигасы басталған кезде «Интер» жеңімпаз болады деп айтқанмын. Қазір де сол пікірдемін. «Интердің» жеңіске жеткенін қалаймын. «ПСЖ» — мықты команда, бірақ финалда, тәжірбиелі ойыншылар — дәл осы тәжірибенің арқасында жеңеді деп ойлаймын.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 31 мамыр

Тікелей эфир: 23:45-те басталады.

Стадион: «Альянц Арена», Мюнхен

Бас төреші: Иштван Ковач (Румыния)

Көрсетілім: Qazsport және Qazaqstan

Басты сурет: «Интер» ФК / uefa.com

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!