28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Көкпардан үздік клубтар Азия лигасы кубогында күш сынасады

Көкпардан үздік клубтар Азия лигасы кубогында күш сынасады

1-ші маусымда Алматы облысында көкпардан Азия лигасының клубтық турнирі өтеді. Бұл — Қазақстанның ең қарқынды әрі көрерменді баурап алатын ұлттық спорт түрлерінің бірі.

Жарыс Талғар ауданы, Рысқұлов ауылындағы Almaty Horse and Polo Club алаңында, сағат 11:00-де басталады.

Шара Қазақстан көкпар федерациясы мен Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылады.

Турнирде еліміздің мықты клубтары бақ сынайды — Алматы, Меркi, Ақкөл (Aқмола облысы), Қайсар (Қызылорда). Көрерменді тартысқа толы ойын күтеді және олар ұлттық рухқа толы мерекелік атмосфераға бөленеді.

Бұл дода — тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар қазақтың бай мұрасын сақтау мен ұлттық спортты дамыту жолындағы маңызды қадам.