31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Финал тағдырын бір ғана гол шешуі мүмкін және оны Кварацхелия соғады» — маусымның басты матчы туралы инсайдер пікірі

«Финал тағдырын бір ғана гол шешуі мүмкін және оны Кварацхелия соғады» — маусымның басты матчы туралы инсайдер пікірі

31-ші мамырдан 1-ші маусымға қараған түні Мюнхендегі «Альянц Аренада» маусымның ең басты ойыны өтеді. Чемпиондар лигасының жүлдесі үшін екі алып клуб — Францияның «ПСЖ» және Италияның «Интері» таласады.

Инсайдер Қазбек Тайланов Sport Pulse порталына алдағы кездесуге қатысты болжамын айтты:

— Бүгінгі ойында анық фаворит жоқ. Бірақ, менің ойымша, қазір ең әдемі футбол көрсетіп жүрген команда — ПСЖ. Чемпиондар лигасының финалында ұтатын команда осы ПСЖ деп ойлаймын. Бұл матчтың тағдырын бір ғана гол шешуі мүмкін және сол голды Хвича Кварацхелия соғады деп сенемін. «Интер» — прагматикалық футболды жақсы көретіні анық. Бұл команда да жеңіске лайық команда бірақ мен бұл финалда «ПСЖ»-нің жеңгенін қалар едім. Есеп 1-0 немесе 2-0 болуы мүмкін.

ПСЖ — Интер арасындағы матчтың тікелей көресетілі Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады. Ойынды «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тамашалауға болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!