Оқу уақыты: 1 мин

Фил Фоден жарақат пен жеке мәселелерге байланысты биылғы маусымдағы қиындықтар туралы айтты

Фил Фоден жарақат пен жеке мәселелерге байланысты биылғы маусымдағы қиындықтар туралы айтты

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден ағымдағы маусым оған үлкен сынақ болғанын мойындады — футболшы тобық жарақаты мен алаң сыртындағы жеке мәселелерге тап болды.

Өткен маусымда 19 гол соғып, командасының чемпион атануына көмектескен Фоденнің биылғы маусымы сәтті болмай тұр — барлық турнирлерде небәрі 10 гол соғып, соңғы 19 ойында гол соға алмады.

«Бұл қиын маусым болды. Жарақаттан кейін қалпыма келіп, жаттығуларға оралу үшін уақыт қажет болды. Алаң сыртында менің психологиялық дайындығыма әсер еткен көптеген мәселелер болды», — деді Фоден.

Футболшы 6 сәуірде «Манчестер Юнайтед» қарсы ойында Казимиромен қақтығысудан кейін тобығының байламдары қатты зақымданған. Енді оның Англия құрамасының алдағы ойындарына — Андоррамен іріктеу матчына және Сенегалмен достық кездесуге қатысуы күмәнді.

«Манчестер Сити» сәтсіз маусымды «Фулхэммен» ойынмен аяқтайды, содан кейін команда АҚШ-та өтетін кеңейтілген Клубтық әлем чемпионатына қатысады.