09.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ФИФА Манхэттендегі атақты Трамп мұнарасында кеңсе ашты

ФИФА Манхэттендегі атақты Трамп мұнарасында кеңсе ашты

Халықаралық футбол федерациясы Нью-Йорктегі атақты Trump Tower зәулім үйінде жаңа өкілдігін ашты, деп хабарлайды ФИФА сайты.

Салтанатты ашылу рәсімінде ФИФА президенті Джанни Инфантино 13 шілдеге дейін көпшілікке көрсетілетін клубтық әлем чемпионатының трофейін таныстырды.

Біз үшін трофейді Нью-Йоркте ресми түрде таныстырып қана қоймай, оның финалға дейін көпшілікке көрсетілетінін хабарлау үлкен мәртебе. Біз үкімет пен президенттен клубтық әлем чемпионаты мен келесі жылғы әлем чемпионатын өткізу жөніндегі Ақ үй жұмыс тобы тарапынан айтарлықтай қолдау алдық

1983 жылы салынған 58 қабатты Trump Tower зәулім үйі — Манхэттеннің символдық ғимараты, онда тұрғын үй мен кеңсе кеңістіктері біріктірілген.