21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ФИФА «Леонды» клубтар арасындағы әлем чемпионатынан шеттетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ФИФА «Леон» клубын турнирден шеттету туралы шешім қабылдады. Бұған клубтың «Пачукамен» бірге бір меншік иесіне тиесілі болуы себеп болды. Бұл жағдай жарыстың ережелеріне қайшы келеді.

Қазір ФИФА «Леон» орнына қай клубтың қатысатынын анықтауда. Бұл орынға еуропалық клубтар үміткер бола алмайды. Болжам бойынша, «ЛА Галакси» турнирге қатысу мүмкіндігі жоғары командалардың бірі. Қосымша ақпарат жақын арада жарияланады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!