06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ФИФА КӘЧ жеңімпазына арналған логоны таныстырды

ФИФА КӘЧ жеңімпазына арналған логоны таныстырды

Осы жылы Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жаңа форматта өтетін болады, деп хабарлайды Sport12.kz.

32 клуб бақ сынайтын жаһандық дода 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-тың 11 қаласында өтеді.

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында чемпион атанған клуб келесі турнирге дейін (төрт жыл бойы) жейдесіне арнайы белгішені енгізеді. ФИФА мұны чемпионды айқындап тұруы үшін дайындап шығарған екен. Бірақ әзірге ресми таныстырған жоқ.

Айта кетейік, жаңа форматта өтетін турнирдің бюджеті 2 млрд долларды құрайды. Оның 1 млрд-ты қатысушыларға табысталады екен (әр кезең, әр жеңіс). Ал жеңімпаз 100 млн долларға ие болады.