06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ФИФА Дрогба мен Веаны нәсілшілдікке қарсы жаңа комиссияға тағайындады

ФИФА Дрогба мен Веаны нәсілшілдікке қарсы жаңа комиссияға тағайындады

ФИФА 16 бұрынғы ойыншыдан тұратын жаңа сараптамалық топ құрды — деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. Комиссия құрамына Джордж Веа мен Дидье Дрогба кірді — олар футболдағы нәсілшілдікке қарсы күресті күшейту бағытында жұмыс істейтін болады.

Бастама өткен жылы Тайландта өткен ФИФА-ның жыл сайынғы конгресінде жарияланған болатын. Джордж Веа 14 елдің өкілдері кіретін топтың құрметті капитаны болып тағайындалды.

«Футбол бірлік пен даму әкеледі — ол бізді адамгершілікке жақындатады. Мен әрдайым спортты дамыту үшін бар күшімді салдым және сала беремін, өйткені футбол — бұл өмір. Бұл рөлде қызмет ету мен үшін үлкен құрмет», — деді Веа.

ФИФА президенті Джанни Инфантино комиссия мүшелері білім беру бағдарламаларын қолдап, ұзақ мерзімді өзгерістер идеяларын алға жылжытатынын атап өтті.

Сараптамалық топ құрамына кірді:

  • Джордж Веа (Либерия)
  • Эммануэль Адебайор (Того)
  • Мерси Акиде (Нигерия)
  • Иван Кордоба (Колумбия)
  • Дидье Дрогба (Кот-д’Ивуар)
  • Халилу Фадига (Сенегал)
  • Формига (Бразилия)
  • Джессика Уара (Франция)
  • Майя Джекман (Жаңа Зеландия)
  • Сунь Цзихай (Қытай)
  • Блез Матюиди (Франция)
  • Айя Мияма (Жапония)
  • Лотта Шелин (Швеция)
  • Бриана Скарри (АҚШ)
  • Микаэль Сильвестр (Франция)
  • Хуан Пабло Сорин (Аргентина)