07.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ФИФА әлемнің үздік қақпашы сыйлығына үміткерлерді жариялады

ФИФА әлемнің үздік қақпашы сыйлығына үміткерлерді жариялады

ФИФА осы жылдың үздік қақпашысы атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үміткерлер тізімінде сегіз қақпашы бар, олардың ішінде Алиссон Беккер («Ливерпуль»), Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Джанлуиджи Доннарумма («Манчестер Сити»), Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»), Мануэль Нойер («Бавария»), Давид Рая («Арсенал»), Янн Зоммер («Интер») және Войцех Щенсный («Барселона»).

Дауыс беру ұйымның веб-сайтында 28 қарашаға дейін ашық. Естеріңізге сала кетейік, бұл марапат 2024 жылы «Астон Вилланың» аргентиналық қақпашысы Эмилиано Мартинеске берілді.