16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатына билет сатудың басталу күнін жариялады

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатына билет сатудың басталу күнін жариялады

ФИФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына билет сатудың 2025 жылдың 10 қыркүйегінде басталатынын хабарлады.

Өтініштер саны қолжетімді билеттер санынан асып кеткен жағдайда — жеңімпаздар кездейсоқ іріктеу әдісімен анықталады. Ұйымдастырушылар жоғары сұранысқа байланысты билеттерді кезең-кезеңмен шығаруды жоспарлап отыр.

«АҚШ-тағы ФИФА клубтық әлем чемпионатының табысынан кейін ӘЧ-26-ға қызығушылық артуда. Біз бүкіл әлемнің Солтүстік Америкаға оралуын күтеміз, онда Канада, Мексика және АҚШ тарихтағы ең ауқымды спорттық оқиғаны қабылдайды. Жанкүйерлерді әлемдік спорттағы ең қалаулы орындарды алуға дайындалуға шақырамыз», — деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

Турнир 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Солтүстік Американың үш елінде өтеді, финалдық матч Нью-Джерсиде өтеді. Чемпионатқа алғаш рет 48 команда қатысады, оның ішінде дебютант — Өзбекстан құрамасы бар.