Оқу уақыты: 1 мин

Фернандо Алонсоның көпжылдық физиотерапевті дүниеден өтті

Фернандо Алонсоның көпжылдық физиотерапевті дүниеден өтті

Италияның Форли қаласында ұзақ онкологиялық аурумен күрескеннен кейін Фернандо Алонсоның жеке физиотерапевті Фабрицио Борра қайтыс болды.

Брешияда дүниеге келген Борра испан жүргізушісімен 2001 жылы — Алонсоның Minardi командасындағы дебютінен бастап жұмыс істей бастады. Маман пилотты оның Renault, Ferrari, McLaren, Alpine және Aston Martin командаларындағы мансабы бойы қолдап келді.

«Мен сені күн сайын сағынатын боламын, Фабри. Маған көп нәрсе үйретіп, адам және спортшы ретінде жақсарғаныма көмектескенің үшін рахмет. Сенімен өткен мансабым ең үлкен сәттілік болды. Жаның жәннатта болсын, бауырым», — деп жазды Алонсо әлеуметтік желілерде.

64 жастағы маман өз мансабында сонымен қатар Михаэль Шумахермен 1999 жылғы Ұлыбритания Гран-приінде аяғы сынғаннан кейін қалпына келтіруге көмектесті, мотожарыс жүргізушісі Андреа Довициозомен және велошабандоз Марко Пантанимен де жұмыс істеді.