Әлемнің екі дүркін чемпионы Фернандо Алонсо Жапония Гран-приінің екінші жаттығуында өзінің «Aston Martin» көлігін айналдырып алды. Сегізінші бұрылыста AMR25 көлігі қиыршық тас тұзаққа түсіп, испандық пилот сессияны ерте аяқтауға мәжбүр болды.
«Көлікті оғаш жағдайда бақылаудан айырдым. Жолда қатты жел тұрды, ал көлік мұндайға өте сезімтал. Мүмкін, шөпке шығып кеткен шығармын — енді жағдайды егжей-тегжейлі талдау керек», — деді Алонсо.
Кейінгі мәліметтер шөпке түскен сол жақ алдыңғы дөңгелек тепе-теңдіктің бұзылуына себеп болғанын көрсетті. Алонсо көлікті қалпына келтіруге тырысқанымен, айналу мен жолдан шығудың алдын ала алмады.
Бұл — сессиядағы екінші инцидент. Бұған дейін «Alpine» командасының жас пилоты Джек Духан бірінші бұрылыста жылдамдықты азайтуға үлгермей, көлігін соққан болатын.
Сәтсіздікке қарамастан, Алонсо жексенбілік жарысқа сенімділікпен қарап отыр. Ол «Қытай Гран-приімен» салыстырғанда «Aston Martin» болидінің бәсекеге қабілеттілігі артқанын атап өтті.