Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Фаворитті айту қиын — «Арсенал» мен «ПСЖ» ұқсас стильде ойнайды» — Станислав Черчесов ЧЛ жартылай финалы туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
«Фаворитті айту қиын — «Арсенал» мен «ПСЖ» ұқсас стильде ойнайды» — Станислав Черчесов ЧЛ жартылай финалы туралы

Сәуірдің 29-ынан 30-ына қараған түні Лондонда Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «Арсенал» «ПСЖ»-ны қабылдайды.

Ширек финалда «Арсенал» қазіргі чемпион — мадридтік «Реалды» екі ойынның қортындысы бойынша 5:1 есебімен жарыс жолынан шығарды. Ал «ПСЖ» «Астон Вилланы» зорға жеңді — 5:4.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Sport Pulse порталына алдағы ойынға қатысты пікір айтты:

— «Арсенал» мен «ПСЖ» өз чемпионаттарында тұрақты әрі сапалы футбол көрсетіп жүрген ұжымдар. Екеуі де әдемі, шабуылдаушы футбол ойнайды. Месси, Неймар мен Мбаппе кеткен соң, көпшілік «ПСЖ» әлсірейді деп ойлады. Алайда дәл қазір олар нағыз командаға айналды. Футбол — бұл бір ойыншының шоуы емес, бұл — командалық ойын. Үшеуі де ұлы футболшылар екеніне күмәнім жоқ, бірақ команда бір механизм секілді жұмыс істеуі керек. Бұрын оларға бірдеңе кедергі болған шығар — финалға дейін жете алмады. Ал «Арсеналда» бапкер үшінші маусым қатарынан жұмыс істеп жатыр, команда жылдан-жылға жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл жұпта фаворитті нақты айту қиын — екеуі де ұқсас стильде ойнайды.

— Ал ширек финалды еске түсірсек: Бирмингемдегі ойын «ПСЖ» алаңдататын белгі болды ма?

— Үйде «ПСЖ» жарқын ойын көрсетті, ал қонақта — аса сенімді болмады. Доннарумманың арқасында ғана келесі кезеңге өтті десек қателеспейміз. Мұндай деңгейде барлығы матч күні команданың көңіл күйі мен дайындығына байланысты болады.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 30 сәуір

Басталу уақыты: 00:00 (тікелей эфир — 23:50-ден)

Стадион: «Эмирейтс», Лондон

Бас төреші: Славко Винчич (Словения)

Көрсетілім: Qazsport арнасы

Басты сурет: Shaun Botterill/Getty Images

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!