25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Фаворит болу жеңіске кепілдік бермейді – Қазақстан құрамасының қорғаушысы Асхат Балтабеков Лихтенштейнге қарсы матч алдында

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Наурыздың 25-нен 26-сына қараған түні Қазақстан құрамасы 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі жолын жалғастырады. Әли Әлиевтің шәкірттері топтың аутсайдері саналатын Лихтенштейнмен кездеседі. Дегенмен, қарсылас осал болғанымен, оңайшылықпен беріле қоятын ұжым есем. Уэльске (3:1) қарсы ойындағы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы үшін үш ұпай алу өте маңызды, себебі алда бұдан да қиын матчтар күтіп тұр.

Қазақстан Лихтенштейнді сенімді түрде жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алу жолында алғашқы қадамын жасай ала ма?

Ұлттық құраманың және «Женіс» клубының қорғаушысы Асхат Балтабеков Sport Pulse порталына алдағы матчқа қатысты пікір айтты:

«Қазақстанның Лихтенштейнге қарсы өтетін ойында фаворит болғаны, жеңіске кепілдік бермейді. Ең бастысы – кездесуге жоғары дайындықпен келу: зейінді болып, тактиканы қатаң ұстану және қарсыласты дұрыс бағаламау қателігін жібермеу. Егер тәртіпті сақтап ойнасақ, үш ұпай алуға барлық мүмкіндік бар».

Лихтенштейн – Қазақстан матчы:

Күні: 26 наурыз

Уақыты: 00:45 (тікелей көрсетілім 00:35-тен басталады)

Стадион: «Райпарк», Вадуц

Көрсетілім: Qazsport

Қазақстан құрамасы 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде «J» тобында өнер көрсетуде. Оның қарсыластары – Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Басты сурет: kff.kz

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!