26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фарух Тохтасуновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фарух Тохтасуновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Бокстан ұлттық құрама спортшысы Фарух Тохтасунов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы ол Pulse Fighting YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

5 қыркүйек Ali Akhmedov promotion ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде «Көк бөрі» лақап атымен танымал боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Кардта Фарухтан бөлек Али Ахмедов, Қанат Сәңгіл, Балауса Мұздыман да өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Фарух бұған дейін кәсіби рингте 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен.