10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фарер аралдары құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуінде Черногорияны сенсациялық түрде ойсырата жеңді

Фарер аралдары құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуінде Черногорияны сенсациялық түрде ойсырата жеңді

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында L тобының айқын аутсайдері Фарер аралдары құрамасы Черногория командасын 4:0 есебімен күтпеген жерден ойсырата жеңді.

Матчтың басты кейіпкері Ханус Сёренсен болды — шабуылшы 16-шы минутта есеп ашып, екінші таймда дубль жасады. Үй иелерінің басымдылығын 36-шы минутта Милан Роганович өз қақпасына соққан гол арттырды, ал ойынның нүктесін 72-ші минутта пенальтиді сәтті орындаған Арни Фредриксберг қойды.

Бұл жеңістен кейін аралдықтар тоғыз ұпай жинап, топта үшінші орынға көтерілді — көш бастап тұрған Хорватия мен Чехия құрамаларынан төрт ұпайға артта келеді.

Фарер құрамасы келесі ойынын қарашада өткізеді — оларды Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу күтіп тұр.