Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Фара Уильямс: «Кевин Де Брюйненің «Манчестер Ситиден» кетуі – дұрыс шешім»

BBC Sport мәліметінше, Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Фара Уильямс бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйненің «Манчестер Ситиден» кетуін орынды қадам деп санайды.

— «Оны командада ұстап қалу өзімшіл шешім болар еді. Де Брюйне әлі де жоғары деңгейде ойнай алады, бірақ тұрақты ойындар үшін қажетті физикалық дайындықты ұстап тұру қиынға соғып жүр», — деді Уильямс.

Жақында «Кристал Пэласқа» қарсы өткен ойында Де Брюйне өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, «Ситидің» камбэгінде басты рөл атқарды. Дегенмен сарапшы қосалқы ойыншы рөлі мұндай деңгейдегі футболшы үшін сәйкес келмейтінін атап өтті.

Уильямс Де Брюйненің Премьер-лигада қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды, бірақ ол үшін аз жалақы мен шектеулі ойын уақытына келісуге тура келетінін ескертеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!