21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Фалькао: «Елимай» Энцо Мендесті алдады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Төрт дүркін әлемнің үздік футзалшысы Фалькао ұлы Энцо Мендесті «Елімай» клубы алдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл – өтірік! Мен барлық келіссөздерді жүргіздім! Клубтың құрылымы жақсы, жанкүйерлері мен ойыншылары да мықты, бірақ басшылығы өте тұрақсыз! Олар ешқандай уәделерін орындамады! 70 күн бойы ұлымды алдап келді! Барлығын сақтап қойдым, жақында баспасөзге беремін!», – деп жазды Фалькао «Елимайдың» Instagram парақшасындағы пікірде.

Бұған дейін «Елимай» Энцо Мендестің қысқы оқу-жаттығу жиыны кезінде командаға қосылғанын, бірақ келісімшарт ұсынылмағанын ресми хабарлаған еді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!