01.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еуролигада жаңа маусым басталды: Бавария Панатинаикостан жеңілді

Еуролигада жаңа маусым басталды: Бавария Панатинаикостан жеңілді

Еуропалық баскетболдың басты клубтық турнирі — Еуролиганың жаңа маусымының алғашқы күнінде жеті матч өткізілді.

Германиялық «Бавария» сырт алаңда грекиялық «Панатинаикостан» жеңілсе, италиялық «Виртус» испандық «Реалды» ұтты.

Алғашқы ойын күнінен кейін турнирлік кесте келесідей көрініс алды:

  • Анадолу Эфес, Виртус, Дубай, Милан, Олимпиакос, Панатинаикос, Хапоэль (Тель-Авив) — 1 жеңістен
  • Бавария, Барселона, Баскония, Маккаби (Тель-Авив), Партизан, Реал, Црвена Звезда — 1 жеңілістен
  • Валенсия, Виллербан, Жальгирис, Монако, Париж, Фенербахче — әлі ойнаған жоқ