04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еурокубок: Қазақстан клубтарының матчтарын 48 мыңнан астам жанкүйер тамашалады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Еурокубок: Қазақстан клубтарының матчтарын 48 мыңнан астам жанкүйер тамашалады

Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтарына 48 мыңнан астам жанкүйер жиналды. «Қайрат», «Ақтөбе» және «Астана» қатысқан кездесулер көрермен қызығушылығын тудырды.

Ең көп жанкүйер жиналған матч – Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» пен финдік КуПС арасындағы ойын. Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен кездесуге 22 800 адам келіп, аренаның 96 пайызы толды (максималды сыйымдылығы – 23 804).

Ал Конференция лигасында «Ақтөбе» Прагада «Спартаға» қонаққа барып, «Летна» стадионында 17 235 жанкүйердің алдында ойнады. Бұл – стадион сыйымдылығының 91 пайызы (18 887 орын).

«Астана» Кишиневте «Зимбруға» қарсы ойын өткізді. Молдовалық жанкүйерлер бұл кездесуге де белсенді қатысты – 8 572 көрермен тіркелді (стадион сыйымдылығы – 10 400, толымдылығы – 82%).