27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еуро-2025: неміс футболшыларын сыра кружкаларын ұрлады деп айыптады

Еуро-2025: неміс футболшыларын сыра кружкаларын ұрлады деп айыптады

Bild мәліметінше, Германияның жастар құрамасы Еуро-2025 жартылай финалында Францияны 3:0 есебімен жеңгеннен кейін дау-дамайдың ортасында қалды.

Жағдай күтпеген жерден өрбіді — стадион қызметкері көз жасын төгіп, немістердің команда автобусына басып кіріп, ойыншыларды суретке түсірмек болды. Себебі матчтан кейін шамамен 15 сыра кружкасы жоғалып кеткен.

«Олар кружкаларды тегін деп ойлаған шығар — бірақ олай емес. Сондықтан біздің қызметкеріміз фотодәлел алу үшін автобусқа кірді», — деп түсіндірді стадион басқарушысы.

Құрама баспасөз хатшысы Маркус Бир жоққа шығарды:

«Жағдай мүлдем басқаша болды. Қызметкер төрешілерге арналған сыра кружкаларын трибуна астындағы бөлмеге әкелді. Содан кейін бос кружкалар жоғалып кетті — оларды біреу жинап алған болуы мүмкін. Ол қате түрде біздің ойыншылар алып кетті деп ойлады».

Германияның жастар құрамасы сенбіде өтетін Англиямен финалдық матчқа дайындалуда.